|
| Санақ |
Сайтымызда
Қазір онлайн: 0 Қонақтар: 0 Қолданушылар: 0 |
|
 Бұған дейін хабарлағанымыздай, жақында облысымызға Монғолия мемлекетінің этно-фольклорлық «Хөгсүү» тобы гастрольдік сапармен келіп қайтқан болатын. Шетелдік өнер ұжымының жетекшісі Чингис Өнөртүвшин мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі әрі Монғолиядағы мәдени орталығының төрағасы Хабсатар Омарұлы редакциямызға арнайы келіп, сұхбат берді. Сонымен, «Қонақжайдың» бүгінгі қонақтары - шекараның ар жағынан келген монғолиялық өнер жұлдыздары. -Қазақстанға қош келіпсіздер! Гастрольдік сапарларыңыздың мақсаты не? Чингис Өнөртувшин: Тәуелсіз Қазақстан Республикасына келіп, өнер көрсету – біз үшін үлкен абырой. Осы жақтың халқы барлығымызды жылы жүзбен қарсы алып, барынша қолдау көрсетті. Оларға деген ризашылығымыз шексіз. Біз қазақ еліне жайдан-жай келіп отырған жоқпыз. Биыл Қазақстан мен Монғолия мемлекетінің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, Монғолия мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен қазақстандықтарға монғол халқының этно-фольклорлық өнерін көрсетуді жөн көрдік. Біздің шыға ... Әрі қарай оқу»
|
 Көрші жатқан Моңғолия елінен жақсы бір хабар жеткендіктен, қуанышымыз қойынымызға сыймай көпшілікпен бөлісуге асығып отырмыз.Көршілес елде қазақтың біртуар перзенті Асай Рәмішұлы кәсіби атаққа ие болыпты, осыған орай көптеген құттықтауларға біздер де қосыламыз. Құрметті Асай Рәмішұлы! Өзіңіздің өміріңізбен қызметіңізді адам денсаулығына арнаған ақ халатты абыройлы абзал ел азаматы сізді Моңғолияның «Денсаулық саласына еңбек сіңірген қайраткер» болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл үлкен атағыңыз адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін, денсаулық сақтау саласында көп жылдары сіңірген адал еңбегіңіздің жемісі деп есептеймін. Сіздің толассыз еңбегіңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Өз тәжірбие, жанашырлығыңыз, мейірім мен кәсіби адалдығыңыз ақ халатты сізді қоғамның ең биік сатысына талай рет көтеретіні анык. Дана халықымызда «Тәні саудың – жаны сау» деген аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу сіз үшін өте өзекті және де келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып отырған ... Әрі қарай оқу»
|
 «Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының» құрылуының 20 жылдығына орай қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 25-мамыр күні Павлодар қаласында «Қазақстан қоғамы және қандастарымыз» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция жұмысына «Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының» төралқа төрағасының орынбасары, Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, құзырлы министрлік өкілдері, Павлодар облысының әкімі, облыстық мемлекеттік мекемелер басшылары, танымал ғылымдар, зиялы қауым өклдері қатысады. Конференцияның мақсаты - «Қазақстан қоғамы және қандастарымыз» атты баяндаманы талқылап, атамекеніне оралған қандастарымыздың Қазақстан қоғамының дамуына, ел ырысының молайуына, қазақ тілінің мәртебесінің көтерілуіне, ұлттық сана, салт дәстүріміздің қайта жаңғыруына қосқан үлесі, көштің 20 жылдық тарихындағы жетістіктері мен кемшін тұстары сарапқа салып, оның ертеңіне қатысты бағыт бағдар, ой, тұжырымдарды жинақтап, ел биілігінің назарына ұсыну болмақ. Конференция барысында бірнеше мәдени шаралар өткізу жоспарлануда. Мәселен, өнер иелерінің галаконцерті, еркін ... Әрі қарай оқу»
|
 Кеше Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы Заут Болат, Оралмандардың Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының төрағасы Әлхан Амантайларды қабылдады. Кездесу барысында Заут Болат «Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының» құрлуының 20 жылдығына орай облыстық филиалдың ұйымдастыруымен 2012 жылдың мамыр айында «Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» атты конференция және мәдени іс шаралар өтетіндігін хабарлай отырып, алыс жақын шет елдерден келген қандастарымыздың ел игілігіне елеулі үлес қосып отырғандығын атап өтті. Әкім өз кезегінде елге оралған қандастарымызға әркез жан-жақты қолдау көрсетіліп келгендігін, алдағы уақытта да қандастарымыздың тыныс-тіршілігі назарда болатындығын, мемлекеттік «Еңбекпен қамту 2020», «Жайлау» бағдарламасы, сондай-ақ Бизнестің жол картасында көрсетілген жобаларға олардың да қатысуы маңызды екендігін айта келе, қандастарымыздың еліміздің өсіп өркендеуіне қосып жатқан өзіндік үлестері ескерілетіндігін және қоғамдық ұйымдарды осы бағытта облыс әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқарм ... Әрі қарай оқу»
|
 Кеше «Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының» және Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиал басшылары Екібастұз қаласынның Байет, Атығай селолық округінде шет елден көшіп келіп қоныстанған қандастарымызбен дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел жұмысына 80-ге жуық қандастарымыз және жоғарыдағы аталмыш қоғамдық бірлестіктердің филиал басшылары Заут Болат, Әлхан Амантай, селолық округ әкімі Докторхан Амантай, Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Төлеубаева Жанаргүлдер қатысты.Қоғамдық ұйым басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халыққа арнаған «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауын таныстырды. Сонымен қатар олар :Шет елдегі қандастарымыздың тарихи Отаны Қазақстан Республикасына оралуы мен көш үрдісінің 20 жылдық тарихының жетістіктері және елге оралған ағайынның Қазақстан қоғамынының өркеніне қосқан үлесін нақты деректермен дәлелдей отырып, көш үрдісінде кеткен қателіктерді де атап өтті.
|
Қазақ халқында әр жастың өз белгісі бар, өз сипаттамасы
бар. Бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облысы филиалын көп жылдар
бойы басқарып келе жатқан Болат Зауттың 50 жасқа толу мерейтойы.Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан
қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік
болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта
тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған
күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай
қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын,
қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы
жар, ардақты әке және де айнымас адал дос. Құрметті Бөке, алдағы өмірде де
абыройыныз артып, еңбегіңіз жана берсін! Ұл-қыздарыңыздың, туған-туыс,
дос-жарандарыңыздың ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше беріңіз! ... Әрі қарай оқу»
|
|
|
| Күнтізбе |
| « Мамыр 2012 » | | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
|